Абай Құнанбаев ат.әдеби-мемориалдық музейі

Абай Құнанбаев ат.әдеби-мемориалдық музейі

Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы 1980 жылдың мамырында Абай қалалық атқару комитетінің мәдениет бөлімінің бастамасымен қоғамдық негізде ашылды.

1980 жылдың 30 қазанындағы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филалы болып қайта құрылды.

1993 жылы Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы Абай қаласының бюджетіне берілді.

1997-2008 жылдар аралығында мұражай Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басқаруында болды.

Қарағанды облысы әкімінің 2008 жылдың 9 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік мәдениет және өнер ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» №25/10 қаулысына сәйкес Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы Қарағанды облысының мәдениет басқармасының басқаруына берілді.

«Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» КМҚК 8 штаттық бірлік бар.

Мекеменің жалпы аумағы 189,1 шаршы метр.

Мұражайдың материалдық-техникалық базасы толығымен жарақтандырылған.

2010 жылы жол картасы бағдарламасы аясында 13 млн 700 мың теңгеге толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұражай 5 экспозициялық залдан тұрады:

  1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі;
  2. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы;
  3. Абай және қазіргі кезең;
  4. «Шерубай-Нұра – Абай қаласы тарихының бастауы»
  5. Абай қаласы Тәуелсіз Қазақстанның бір бөлшегі.

 

Біздің мекен- жайы: Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 32

Телефон:  8(72131)- 428-23, 4 90-88

Электрондық пошта –

Сайт – www.abaimak.kz

 

Абишев Толеугазы Акылсерикович – музей басшысы

 

 

Add Comment