Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған Қазақстандағы Жастар жылы аясында және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейі бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты 2019 жылдың 27 ақпанында сағат 14:00-де музейде Қарағанды қ. Ұлттық-Мәдени орталықтарының қатысуымен «Одна страна- одна судьба» кездесу-диалогы өткізілді. "Өзіңнің тарихыңды есте сақта және мақтан ет" - бұл мерекенің негізгі алғышарттарының бірі болып табылады.
Іс-шарада музей қорынан Ұлттық-Мәдени орталықтардың материалдары бойынша көрме ұйымдастырылды, «Депортация народов в Казахстан в 1930-1950гг.: общность истории» деректі фильмі көрсетілді.
Іс-шара мақсаты :
-іс-шара ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тек мемлекетімізде ғана емес, әлемде де келісім мен бейбітшілікті нығайтудағы саясатын барынша толық қамтылуы үшін өткізіледі;
-жас ұрпақты қазақстандық қоғамның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілік рухында патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ, Қазақстандағы этносаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту.
Іс-шараға Қарағанды қ. ҰМО мүшелері, қоныс аударушылардың ұрпақтары, қоғам өкілдері, сонымен қатар Қарағанды қ. ЖОО мен колледж студенттері, БАҚ қатысты
.
2016 жылдан бастап Қазақстанда Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 жарлығымен бекітілген Алғыс күні - жаңа мерекесі пайда болды. Осы құжатпен ресми түрде жылдық мерекелеу күні – 1 наурыз күні бекітілді.
Аталған күнді белгілеуге мұрындық болған Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) 22 – сессиясындағы өзінің сөзінде, оның 20 жылдық мерекесін тойлау аясында, ол Республикада Алғыс күнін мерекелеуді ұсынды. Ал ҚХА құру күні – 1 наурыз – «еліміздің халқы бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге депортацияланған жылдары шыдамдылық пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтуға мүмкіндік алатын» мереке күні ретінде таңдалды. «Бұл күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген жанашырлық, достық және махаббаттың жарқын мейрамына айналуы ғажап емес», - деп атап өткен болатын.
Қазақстанның заманауи көпұлтты отбасысы – бұл Республикаға әр жылдары бүкіл халық депортацияланған кезде Кеңес билігінің саясатымен оянған бірнеше миграциялық толқындардың нәтижесі. Және де осы халықтардың өкілдерін, Назарбаевтың айтуы бойынша, далалы аймақтарда вагоннан түсіріп жатқан кез болатын, ал өздері қапа шегіп отқан қазақ отбасылары оларды саманды үйлеріне жылы шыраймен қабылдады. 20 ғасырдың басында-ақ Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Белоруссиядан 1,1 млн. адам келген, 1930 жылдары жинақтау барысында мұнда 250 мыңға жуық айдауылданған крестьяндар жіберіліп,1,2 млн. адам КСРО барлық түкпір-түкпірінен өндірістік нысандардың құрылысына көшірілді.
Осы адамдардың тұрмыс орнатып, өмір сүруіне түрткі болған – бұл Қазақстан халқының еңбегі. Сондықтан аталған мерекенің құрылуы – бұл барлық ұлттардың бір-біріне және ағайын ретінде жылы қарсы алып жанашырлық танытқан қазақтарға деген сыйластығы мен алғыстарының белгісі.


Add Comment