Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейі этнографиялық экспедициялар мен археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру, Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтаумен, есепке алумен, жинақтаумен, ғылыми зерттеумен қатар мәдени білім берумен айналысады.
Бүгінгі күні музейдің қоғамдағы орны, оның рөлі мен болашағы халықтың рухани-интеллектуалдық қажеттіліктеріне сәйкес әр түрлі қызмет түрлерін шебер ұйымдастыратын, музейқорын құнды жәдігерлермен толықтыратын, ғылыми зерттеулермен, экспонаттаумен айналысатын және келушілерге тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау мақсатында өз міндеттерін абыроймен атқаратын қызметкерлеріміздің кәсіби деңгейіне негізделеді.
Сіз осы сайт арқылы музей тарихымен, хроникасымен, музей қызметкерлерімен, бөлімдерімен және филиалдардың жұмысымен, мұражайдың экспозициялық залдарымен, ондағы экспонаттармен таныса аласыз, сонымен қатар алдын ала экскурсовод қызметін ұсынуға сұрау жібере аласыз.
Бұл мәліметтер сайт пайдаланушыларының әртүрлі санаттарына-оқушыларға, студенттерге, ғалымдарға, зейнеткерлерге және қарапайым келушілерге пайдалы болады деп үміттенеміз.


Add Comment