Қазақстандағы Жастар жылы аясында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 5 наурызында сағат 14.00-де «Поэзия женского платка» атты этнографиялық жоба өтті.
Іс-шара жас ұрпақты Қазақстан халықтарының ұлттық киімі тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, туған өлкенің дәстүрлеріне мұқият болуға тәрбиелеу;
бас киім тарихы туралы көзқарасты қалыптастыру және орамалдың заманауи киіммен үйлесуін жалғастыру, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік танымдарын дамыту мақсатында өткізілді.
Музей қорындағы бас киімдерден көрмелік панорама жасалынды, сондай-ақ көрмеге түрлі жерлерден жиналған орамалдардың, шарфтардың жинақтары қойылды.
Этнографиялық жобада Қарағанды сән колледжі, Сервис колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шараның өткізілу түрі қатысушыларға қызығушылық тудырды:
-Көрменің театрландырылған таныстырылымы: сақ әйелдерінің бас киімдерінің, қазақ халқы мен басқа да ұлт өкілдерінің ескі бас киімдерінің көрсетілімі.
-«Сән», «Технология және сервис» колледж студенттерінің қатысуымен бас киім тақырыбы бойынша «Барлық жаңа – жақсы ұмытылған ескі» модельдік көрсетілімі.
-«Платочная феерия»- «Сервис» колледжінің студенттері қазіргі заманғы сәнде бас киімдерді кию жолдарын көрсететін шеберлік сабақтары.
Қарағанды Гуманитарлық колледж студенті Мейрамбек Мерей әннен шашу шашты.
Іс-шара қатысушыларына арналған «Орамал тарихы» атты сұрақ-жауап және «Ең ерекше тәсіл» сайысы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға орамалдар мен шарфтардан сыйлық табысталды.
Іс-шараны «Хабар», «Сарыарқа», «Бірінші Қарағанды», «5 канал» телеарналары түсірді, «Индустриальная Караганда», «Взгляд на события» тілшілері қатысты.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі,
С.Ерубаев к-сі, 38.
Анықтама тел: 30-11-36, 56-45-63.


Add Comment