Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музей.

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музей.

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музей ғимараты архитектуралық кешенге ұқсастырылып жасалған.  Сырты әсем қапталған,  маңайы қоршаулы.

«Мұражай» атауы өзгертіліп, «Музей» болып жазылып, орнатылды. Мекеменің аты-жөні жаңа талапқа сай жасалынып, мемлекеттік туымыз бен елтаңба жаңартылды.

Музей Ақтоғай селосының Жақып мырза Ақбай-1 көшесінде орналасқан.

Музейде  үш зал, бір бөлме бар. Олар:

1.Археологиялық зал.

2.Этнографиялық залы.

3.Тарихи өлкетану және өнер залы.

4.Көркем өнер туындылар бөлмесі

Музей үйі аумағы-356,1 шаршы метр

оның кіреберіс-10,6

археологиялық залы – 119,7

этнография залы -66,5

тарихи өлкетану залы және өнер залы – 100

көркем өнер туындылар залы-48,0

шыға беріс-11,3 метр.

Музей  арнаулы салынған жеке ғимараттағы қазандық АСО (2 пеш) арқылы жылытылады.

Музейдің сыртқы қоршау ішіне «Мұртты оба» макеті жасалынып, түркі-қыпшақ дәуірінің балбал тастары орнатылған. Музей алдына «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты археология тақырыбына және этнография тақырыбына баннерлер жасалынып орнатылған.

Музейдің ауласына кезінде Ә.Бөкейханов Желтаудан Қарқаралы, Семейге дейін барған «Тарантас» арбаның түп нұсқасы және Сейділда ұстаның ұлы Бейсенбин Қайыркен тапсырған ұстаның өзі жасаған ат шанасының түп нұсқасы қойылған.

Музей ауласының екінші қанатына аудан өңірінде өсетін өсімдіктердің (ағаш, тал т.б.) түрлері отырғызылып, шағын дендір баққа бейімделген.

Тел.: 8 710 2-10-76;  2-13-11

Музей басшысы Т.Жармағанбетов

 

Add Comment