ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ МУЗЕЯ
img
"Карагандинский областной историко-краеведческий музей"
Караганда, Ерубаева 38 +7 (7212) 56–58–89 +7 (7212) 56–42–34

Часы работы

Ежедневно 09:00–18:00
12.04.2021

Здание казахского драматического театра имени С.Сейфуллина

С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ғимараты

Ескерткіш түрі: қала құрылысы және архитектура

1932 ж. құрылған (1936 жылға дейін жұмысшы жастар театры; 1936 жылдан облыстық қазақ драма театры; 1939 жылдан облыстық музыка драма театры: 1951- 1964 ж. облыстық біріккен қазақ және орыс драма театры: 1964 жылдан қазіргі атымен аталады). 1932 ж. А . Шаниннің «Зәуре» атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен ашылды. Басты рөлді Ж. Шашкина орындады. Театрда сондай-ақ 3. Көшкінбаев, С.Жүнісов, Т. Жабаев, Т. Ілиясов, Р. Жылқыайдарова (Қойшыбаева) өнер көрсетті, олар кәсіби сахнаға көркем өнерпаздар ұжымынан келген болатын. 1936 ж. шығармашылық ұжымның калыптасуында аса маңызды оқиға болды. Театр облыстық театр статусын алып, кәсіптік ұжымға айналды. Ұжым ұлттық драматургияны игерумен қатар орыс және шетел классиктерінің пьесалары бойынша спектакльдерін қойды. Қазақ фольклорлық шығармаларының тақырыбына жазылған Ғ.М.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» спектакльдерінің сахналық шешімі мен қойылымы елеулі оқиға болды. 1938-1940 ж. театр сахнасында алғашқы опералық спектакльдер «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» (Е. Брусиловский) қойылды. Бұл ұжымның жаңа сапада орнығуы болды -театр музыкалық — драмалық театр болып қайта құрылды және жаңа үй алды (Ескі қалада).

Театрда ҚР еңбек сіңірген артистері Е.Жүнісбеков, К.Жұмабеков, Г. Рашкалиева, А.Ахметқалиева, М.Қисықов, С.Жұмағали, М.Садықанов, Ш.Нукина, Б.Кемалова, Қ. Жырымбаева, Б. Ахметов, Б. Бәкіжанов т.б. қызмет етеді. Театрдың бас режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Т.Оразбеков, бас суретшісі Қ. Мақсұтов.

 

Здание казахского драматического театра имени С.Сейфуллина

 

Тип памятника: градостроительство и архитектура

1932 году был создан «Театр Рабочей Молодежи»(ТРАМ). Основоположниками которой были: народная артистка РК Ж.Шашкина, залуженный артист РК З.Кошкинбаев, арт. С.Жунусов, У.Абеуова, К.Байбеков, Т.Ильясов, Н.Жабаев, Б.Шалов и другие.
В 1934 году в «Театр рабочей молодежи» пришла группа талантливых людей. С этого года театр называется «Карагандинским городским казахским театром рабочей молодежи».  В 1964 году театру присвоили имя общественного деятеля, видного писателя казахской литературы, жертвы сталинских репрессий С.Сейфуллина.  Теперь театр называется «Карагандинский областной казахский театр драмы им. С.Сейфуллина».
2-3 этажное здание театра имеет круглую в плане форму. Зрительный, сценический и артистический комплексы помещений имеют четкую и удобную планировку хорошую взаимосвязь и отвечают всем современным требованиям.

Зрительный зал на 700 мест имеет отличную акустику. Театр был открыт с участием президента РК Нурсултана Назарбаева в 2008 году.

 

Государственные символы
Послание президента
Внешние ссылки