Қазақстанда Алғыс айту күніне орай, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйімен бірлесіп «Ұлы Даланың асқақ рухы» – онлайн кездесу-диалогын өткізді.
«Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет» – бұл мерекенің негізгі қағидаларының бірі.
Кездесу-диалогы 2021 жылы 26 ақпанда сағат 14.00-де online режимінде, ZOOM платформасында өткізілді.
Кездесудің негізгі бағыттары:
- ХХ ғасырдың әр жылдары тұтас халықтардың Қазақстанға жер аударылуының нәтижесі ретінде, Қазақстан қазіргі заманғы көп ұлтты отбасы;
- Қазақстан халқы Ассамблеясын құру және оның көп этникалық және көп конфессиялық республикада бейбітшілікті, келісім мен республикадағы төзімділікті қамтамасыз етудегі елеулі рөлі;
- Қарағанды және Қарағанды облысының ұлттық-мәдени орталықтарының мәдени дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттау жөніндегі қызметі.
Онлайн-кездесуге ЖОО ғалымдары, ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, медицина университетінің, «Мода» колледжінің және Қарағанды темір жол колледжінің 1-2 курс студенттері, С.Сейфуллин атындағы атындағы гимназия оқушылары, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының және Ж.Жабаев атындағы Дарын мектебі оқушылары қатысты.
Кездесу-диалогтың модераторы ретінде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Е.Н.Нұрмағанбетов сөз сөйледі.
Алғы сөзбен Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.П.Бекмұрзаев және «Вайнах» шешен-ингуш» этномәдени бірлестігінің жетекшісі, ақсақалы У.Х.Джанаев сөз сөйледі.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-нің тарих ғылымдарының докторы, профессоры В.Козина «Кеңес Одағының репрессиялық саясаты барысында Қарағанды облысының аумағына жаппай қоныс аудару» тақырыбында сөз сөйледі.
Спикер, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің маманы, облыс әкімінің «Тыл жанашыры» сыйлығының лауреаты Ю.Михул өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қызметі туралы айтып берді.
Онлайн кездесуге жас мамандар да белсенді қатысты:
- Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенті – А.О.Москвитина;
- «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы – А.Шмидт;
- Ж.Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 8 «б» сынып оқушысы – Цой В.;
- Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы – В.Большаков балалар қазақ тілінде өлеңдер мен құттықтау сөздерін оқыды.
Онлайн-кездесуде Қарағанды облыстық тарихи–өлкетану музейі және Достық үйімен бірлесіп әзірленген «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты бейнеролик көрсетілді.
Спикерлер атап өткендей, қазіргі заманғы көпұлтты Қазақстан отбасы бірнеше жыл ішінде бүкіл халықтар Республикаға жер аударылған кездегі бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі болды. Бұл адамдардың қалай қоныстанып, тірі қалғаны – бұл бүкіл Қазақстан халқының үлкен еңбегі деп білеміз.
Кездесуге қатысушылар осындай ауқымды мерекені өткізудің маңыздылығын атап өтті. Алғыс айту күні – бұл қайғылы оқиғалардың нәтижесінде Қазақстанға келген түрлі этностардың миллиондаған адамдарын жылы шыраймен қарсы алған қазақ жері мен халқына деген ризашылық. Бұл еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметі, ортақ тарихымызға деген құрмет, өзара көмек және қолдау күні.