Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Бұл сайтта біздің мұражайдың қызметі туралы толық ақпарат берілген.
Жаңалықтар, іс-шаралар, жұмыс тәртібі, экспонаттар, музей жайлы ақпараттарды сіз біздің сайтқа кіріп біле аласыз!
Қазіргі уақытта біздің келушілерімізбен негізгі байланыс құралы – бұл мұражайдың ресми сайты мен әлеуметтік желілер болып табылады. Бұл уақыт біз үшін ізденіс кезеңіне айналды. Біз сіздермен бірге болу және жобаларымызды желіде жүзеге асыру үшін уақытпен тексерілген жұмыс әдістері мен формаларын жедел өзгерттік. Осы сайтта біз сіздермен, сіздер ұсынған пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды талқылай аламыз!
Біздің музей қызметінің басым бағыттарын анықтау кезінде музейлердің заманауи даму тенденциялары ескеріледі, ең алдымен: музей экспозициясының бірегей пәндік ортасын белсенді қолдану арқылы білім беру аясындағы музейлер рөлінің артуы; ммузейлер қызметіне ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді белсенді енгізу.
Біздің мақсатымыз музейде болып жатқан оқиғалар туралы мүмкіндігінше көп адамдарға мәлімдеу болып табылады. Біздің сайт сіздер үшін пайдалы және қызықты болады деп үміттенеміз!
Құрметпен, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы
Нұрмағанбетов Ержан Нұрланұлы!